ПАЙДАКҮНЕМДІК ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ

lat: PAIDAKÚNEMDİK QYLMYSTYLYQ

белгілі бір аумақта белгілі бір уақытта кінәлілердің не өзге тұлғалардың мүліктік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жасалған қылмыстардың жиынтығы. Пайдакүнемдік қылмыстар күш қолдану не күш қолданусыз түрлері ажыратылады. Күштеусіз түріне ұрлық, күштеу белгілерінсіз тонау, алаяқтық, иемдену немесе талантаражға салу, ерекше құнды заттарды ұрлау, қорқытып алушылық, автокөлік не өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз сенімге қиянат жасау не алдау жолымен мүліктік зиян келтіру. Күш қолданатын түрлеріне зорлықпен ұштасқан тонау, құрақшылық, қарақшылық не зорлық арқылы тонау жолымен жасалатын бағалы құндылықтарды ұрлау, күшпен не күш көрсетемін деп қорқытумен ұштасқан қорқытып алушылық.